×

Павлодарда өрт салдарынан ЖЭО-дағы жұмыс тоқтатылды

Станция аз уақыт ішінде жұмыс режимін қалпына келтіруге уәде беріп отыр

 Еркеғали Болатұлы 22.07.2022 | 11:11
фото: Павлодар облысының ТЖД

Павлодардағы ЖЭО-да болған өрт толықтай сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы бүгін облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Ал «Павлодарэнерго» АҚ ақпаратына сәйкес, алапат өрт салдарынан №5 қазандық агрегаты мен №5 турбогенератордың жұмысы тоқтатылған.

Қазір 2 қазандық агрегат пен 2 турбогенератор жұмыс істеп тұр. Станцияның жұмыс режимі технологиялық нұсқаулықтарға және апатты жою жоспарына сәйкес қалпына келтіріледі. Тұтынушыларды жылу және электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша шектеу жоқ, - деп түсіндірді компания өкілдері.

Өрт орнына жақын орналасқан электр жабдықтары да зардап шекпеген. Станция аз уақыт ішінде жұмыс режимін қалпына келтіруге уәде беріп отыр.

Еске сала кетсек, кеше кешке Павлодардағы ЖЭО-3-те №3 турбиналық цех ғимаратының жанында орналасқан трансформатор жанып кеткен еді. Сондай-ақ цехтағы трансформатор майы мен қуаттау кабельдері отқа оранды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама