×

Суға батып кеткен Atameken Business News қызметкерінің денесі әлі табылмады

Сүңгуірлердің арнайы техника көмегімен мәйітті іздестіріп жатқанына 2 күн болды

 Еркеғали Болатұлы 22.07.2022 | 10:41
фото: ашық дереккөз

19 шілдеде Астана су қоймасы ауданындағы Арнасай ауылында орналасқан демалыс аймақтарының бірінде журналист қыз суға батып кеткен еді. Ол туралы ақпарат полицияға 21:00 шамасында түскен. Содан бері Ақмола облысы полиция департаментінің өкілдері демалушылардың су қоймасында журналистің денесін гидроциклмен әлі іздеп жүр.

Серуендеу кезінде жағалаудан 250 метр қашықтықта қыз гидроциклден суға құлап кеткен. Көмекке демалыс аймағының нұсқаушысы келген. Алайда құтқару мүмкін болмаған, – деп мәлімдеді Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі.

Сүңгуірлердің арнайы техника көмегімен мәйітті іздестіріп жатқанына 2 күн болды. Павлодар облысынан әкелінген эхолоттың да көмегі шамалы болып тұр. Өйткені су қоймасының тереңдігі – 20-30 метр.

Жергілікті ТЖД мәліметінше, тереңдік 10 метрден асқанда, су түбінен ештеңе көрінбейді. Сондай-ақ су қоймасының түбін басқан қалың балдыр, жел мен толқын да іздеу жұмыстарын қиындатып жіберген.

Әзірге батып кеткен қыздың Atameken Business News басылымының қызметкері екені белгілі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама