Қылмыстық істі тергеу шеңберінде тиісті сараптамалар тағайындалды
Ақмола облысының Ерейментау қаласында көршісін атып өлтірген 60 жастағы жергілікті тұрғынның үстінен қылмыстық іс қозғалды деп.
Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қанды қылмыс бүгін болған.
«Ерейментау қаласының 38 жастағы тұрғынын өлтіру дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы қылмысқа күдікті ретінде 60 жастағы көршісі ұсталып, қару тәркіленді. Сонымен бірге, оқиға куәгерлері де анықталды. Қылмыстық істі тергеу шеңберінде тиісті сараптамалар тағайындалды», – деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.