Кеше Алматы қалалық мәслихатының құрамы өзгеріп, Қайрат Құдайберген мандатынан айырылды
Сәуірдің 21-нен 22-не қараған түні белгілі кәсіпкер, Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергеннің қамауға алынғаны туралы ақпарат тарады. Бұл ақпаратты оның адвокаты Мұрат Әмітов жеткізген еді.
Алматы прокуратурасы кәсіпкердің қаңтар айындағы жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырып, қатысты деген күдікке ілінгенін айтты.
Сол уақыттан бері қалалық мәслихат депутатын қамауда ұстау мерзімі бірнеше рет ұзартылды. Соңғы рет сот қаулысымен Қайрат Құдайбергенді 21 шілдеге дейін қамауда ұстау бұлтартпау шарасы санкцияланды.
Бүгін қамаудағы экс-депутаттың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.
Еске салайық, бұған дейін әсіпкер, Алматы қалалық мәслихатының экс-депутаты қамаудағы жағдайын айтып, шағымданған еді.