Конференция лигасы: бүгін қазақстандық төрт клуб қарсыластарымен кездеседі

Дастан Жұмабекұлы

Ойындарды «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді

Көрнекі фото

Бүгін футболдан УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында қазақстандық төрт клуб кездесу өткізеді.

Атап айтқанда, «Қызыл-Жар» – «Осиек», «Қайрат» – «Кишварда», «Тобыл» - «Линкольн Ред Импс» және «Ракув» - «Астана» матчы болады.

Кездесулерді «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Петропавлдың «Қызыл-Жар» астанада Хорватияның «Осиек» командасымен кездеседі. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 18.00-де басталады. Ойынды QAZSPORT телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінен аса алмаған «Тобыл» өз алаңында гибралтарлық «Линкольн Ред Импс» командасын қабылдайды. Қостанайда өтетін матч 20.00-де басталады. Бұл кездесуді де QAZSPORT телеарнасынан тамашалауға болады.

«Қайрат» – «Кишварда» матчы да жергілікті уақытпен 20.00-де басталады. Алматыдан тікелей трансляцияны QAZAQSTAN телеарнасы жүргізеді.

Қазақстандық командалар арасында «Астана» ғана алғашқы ойынын сырт алаңда өткізеді. Елордалықтар Польшада «Ракувпен» кездеседі. Ойын астана уақытымен 22 шілдеге қараған түні 01.00-де басталады. Кездесуді QAZSPORT телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.