Ләззат Қалтаева Сенат депутаты болып тағайындалды
Ләззат Қалтаева – қоғам қайраткері, «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы» қоғам бірлестігінің басшысы
Мемлекет басшысының жарлығымен Ләззат Молдабекқызы Қалтаева Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды.
Ләззат Қалтаева – қоғам қайраткері, «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы» қоғам бірлестігінің басшысы.
Ляззат Молдабекқызы өзінің еңбек қызметін 1987 жылы Алматы қаласының Фрунзенский ауданы мүгедектер қоғамының референт – хатшысы болып бастады.
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау сұрақтарының саласы бойынша халықаралық және мемлекеттік сарапшы. Мүгедектік және гендірлік тақырып бойынша 10-нан аса зерттеулер мен басылымдардың авторы.
Сенат 47 депутаттан құралады. Сенат депутаттары әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және ҚР астанасынан екi адамнан сайланады. Сенаттың он бес депутатын республика Президентi тағайындайды. Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - 6 жыл.