Илон Маск түрмеге отыруы мүмкін
Ол соттың талаптарын орындамаса құқықтарынан айырылады
Ол«SpaceX» компаниясының негізін қалаушы Илон Маск Twitter-дің сот шешімін орындаудан бас тартса, түрмеге қамалуы мүмкін.
Бұл туралы «Business Insider» басылымына Роберт Миллер деген заңгер айтты.
АҚШ-тың Делавэр штатының Канцлер соты Илон Масктің ісін Twitter-дің пайдасына шешсе, Масктың мәміле жасауға, әлеуметтік желіні сатып алуға, мәміле жасау үшін сыртқы менеджерді тағайындауға, құрылтайшыға тиесілі Tesla акцияларын тартып алуға құқықтарынан айырып, оны соттай алады, – деді ол.
Бұған дейін Twitter әлеуметтің желісі Делавэр штатындағы Канцлер сотына Илон Маскқа қарсы талап-арыз берген болатын. Сонымен қатар әлеуметтік желі Илон Маскқа компанияны сатып алу туралы мәмілені аяқтауға мәжбүрлеу туралы талап қойды.