Іздестіруші - Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті
Қаржы мониторингі агенттігі кәсіпкер Мұрат Боранбаевқа іздеу жариялады. Құқықтық статистика органдары порталында Мұрат Боранбаевқа іздеу жарияланғаны туралы ақпарат пайда болды. Іздестіруші - Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті.
Мұрат Боранбаев - қамаудағы кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың ағасы. Ашық дереккөздерде Мұрат Боранбаевтың 2017 жылы AlanParking ЖШС басшысы болып тіркелгені туралы ақпарат бар.
Сәуір айында Алматы қалалық тергеу сотының шешімімен «AlanParking» ЖШС бас директоры Мұхтар Базарбаев екі айға қамауға алынды. Әзірге Базарбаевты қай іс бойынша күдікке ілінгені айтылған жоқ.
Еске салайық, 17 наурызда Қаржылық мониторинг агенттігі квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаржы жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын, осы қылмысты жасады деген күдікпен Қайрат Боранбаев ұсталып, уақытша тергеу абақтысына қамалғанын хабарлады.