Halyq Uni логотип
×

Украинамен соғысып жатқан Путин Сирия лаңкестерінің де көзін жоймақ

Киев пен Мәскеу астық экспортына қатысты ортақ келісім жасауға жақын қалды

 Еркеғали Болатұлы 21.07.2022 | 15:13
Украинамен соғысып жатқан Путин Сирия лаңкестерінің де көзін жоймақ
фото: ашық дереккөз

Кеше Ресей, Түркия, Иран президенттерінің Тегеранда кездескені мәлім. Сол сәтте тараптар үшжақты және екіжақты келіссөздер өткізіп, Украина астығын экспорттау мен Сирия мәселесін талқылады.

Ресей президенті Владимир Путин Мәскеу мен Анкара Қара теңіз арқылы астық экспорттауға қатысты өткен аптадағы кездесуде алға ілгерілеу бар екенін атап өткен. Бірқатар шешілмеген түйіткілдерді де жасырмады.

Сондай-ақ қазір өзара қырғиқабақ болып жатқан Украинаның ресми өкілдері де Киев пен Мәскеудің астық экспортына қатысты ортақ келісім жасауға жақын қалғанын мәлімдеді.

Бір қызығы, Тегерандағы кездесуде үш президент Сирияда ұзаққа созылған соғыс мәселесін де сөз етті. Олар лаңкестердің көзін жою үшін ынтымақтастықты тұрақты түрде жалғастыруға келісіп отыр. Осы форматтағы келесі кездесу Мәскеуде өтеді деп жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама