Президент жыл сайын аймақтың мәдени астанасын таңдау тәжірибесін енгізуді ұсынды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Шолпан-Ата қаласында өтіп жатқан Орталық Азия мемлекет басшыларының IV Консультативтік кездесуінде Орталық Азия елдерінің бірлігіне сызат түсіруге жол берілмейтінін мәлімдеді.
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Мемлекетаралық және этносаралық араздықты қоздыру арқылы елдерімізді алалауға және қарым-қатынастарымызға сызат түсіруге бағытталған кез келген әрекетке төтеп беру үшін бірігуіміз қажет, – деді ол.
Осыған байланысты ол көрші мемлекеттердің біртұтас мәдени кеңістік ретінде көрсету мақсатында «Орталық Азияның мәдени астанасын» жыл сайын таңдау тәжірибесін енгізуді ұсынды.
Құрметті әріптестер!
Бүгінгі Саммиттің қорытындысы Орталық Азиядағы бейбітшілік, қауіпсіздік және өркендеу үшін аймақтық кооперацияны дамытудың жаңа кезеңі болады деп санаймын.
Қазақта «Татулық – таусылмас бақыт» деген даналық бар. Уақыт сынына төтеп берген тығыз әрі сенімді қарым-қатынасымыз, ортақ тарихи және рухани тамырымыз елдеріміз арасындағы достығымыздың сарқылмас көзі болатынына сенемін, – деді Тоқаев.
Қырғызстандағы Орталық Азия мемлекет басшыларының IV Консультативтік кездесуі одан әрі жалғасуда.