Осыған дейін ол Алматы облысы полиция департаментін басқарған
Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы болып полиция генерал-майоры Заппаров Арыстанғани Расылханұлы тағайындалды.
Ол 1969 жылғы 7 қарашада Жамбыл облысында дүниеге келген. 1993 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, 2002 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясының Заң институтын бітірген. Полиция генерал-майоры. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрметті қызметкері.
«Айбын» ІІ-дәрежелі орденімен мемлекеттік наградымен; «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медальдарымен және ведомстволық медальдарымен наградталған.
Ішкі істер органдарындағы қызметін 1993 жылы бастаған.
1993 – 2001 жылдары Жамбыл, Алматы облыстарының ІІБ, Алматы қаласының ҚІІБ жедел құрам лауазымындарында қызмет атқарған.
2001 жылдан бастап Алматы облысының жедел бөліністерінің басшылық лауазымдарында жұмыс істеген.
2010 жылдан бастап – Алматы облысы ІІД Криминалдық полиция басқармасының бастығы.
2012-2013 жылдары Алматы қаласының және Ақмола облысының ІІМ қалалық органдарының бастығы лауазымыда қызмет өткерген.
2013-2014 жылдары – Көліктегі ІІД Криминалдық полиция басқармасының бастығы.
2014-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті бастығының орынбасары.
2016-2017 жылдары – Ақтөбе облысының ІІД бастығының бірінші орынбасары.
2018 жылғы қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасы ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы.
2019 жылғы 17 сәуірден бастап – Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы.
2019 жылғы 19 шілдеден бастап – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары.
2022 жылғы 27 қаңтардан бастап - Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы.