Болат Назарбаевтың көмекшісіне іздеу жарияланды
ҚМА рейдерлік тәркілеумен айналысқан бір топ адамның әрекетін тоқтатты.
14 шілдеде ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес қылмыстық іс-әрекет эпизодтарының бірі бойынша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына келесі азаматтар қамалды:
- Тимур Сержанұлы Танашев, 1983 жылы туған;
- Рауан Тимурұлы Бабаев, 1992 жылы туған;
- Аңсар Мұратұлы Алтыбасаров, 1990 жылы туған;
- Дастан Мәдиұлы Абижанов, 1977 жылы туған.
15 шілдеде аталған тұлғаларға қатысты Алматы қалалық мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.
Сонымен бірге, сот Қоспаев Елдос Айдынғалиұлына іздеу жариялап, қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын таңдады.
Ал, Айдос Айдынғалиұлы Қоспаев мен Руслан Евгениевич Шалин күдікті деп танылды.
Айта кетейік, бұған Қазақстандағы белгілі бизнесмен Алмас Абдығаппаровтың жары Ольга Абдығаппарова елордада баспасөз мәслихатын өткізіп, Болат Назарбаевтың Esentai Sity жобасын қалай тартып алғанын айтып берді. Ол Болат Назарбаевтың қызы Құндыз Назарбаева мен көмекшісі Елдос Қоспаевтың қысым жасағанын жеткізген еді.