Кадыров келесі жаулап алатын елді атады
Бұған дейін ол Румынияға қоқан-лоқы көрсеткен болатын
Шешенстанның басшысы Рамзан Кадыров тағы да Киевті басып алуға уәде беріп, одан кейінгі кезек Польшаға келетінін айтты.
Бұл туралы The Moskow Times порталы хабарлады.
Кадыров «Ресейдің жоспары» жөнінде өзінің Telegram-арнасында әңгімеледі.
Жоспар – орасан зор. Біз НАТО елдерін демилитаризация жасау жоспарын құрып жатырмыз. Ал Киевті алғаннан кейінгі бірінші кезекте Польша тұр, – деді ол.
Бұл шешен лидерінің Солтүстік Альянс елдеріне көрсетіп жатқан бірінші қоқан-лоқысы емес. Ол мамыр айында президент Владимир Путиннен бұйрық келген жағдайда Польшаны «алты секундта» сабасына түсірге уәде берген болатын. Кадыровтың айтуынша, поляк билігі Ресеймен ара қатынасын әдейі бұзып жатыр. Ол Польшадан Украина аумағынан «қару-жарақтар мен жалдамалыларын» алып кетуді талап етті.
Одан кейін ол Польшаның мемлекет ретінде пайда болуына КСРО-ның, аман қалуына Ресейдің алдында міндетті екенін айтып, Ресейдің тілін алмаса «алты секундта» сабасына түсіруге уәде беретінін мәлімдеді.
Бұдан басқа Кадыровтың тізіміне маусым айының соңында Румыния да кіріп қалды. Ол бұл елді «басып алатын» болып қорқыттты.
Елдердің саны көбейген сайын қызық екен. Біз өз жолымыздан таймаймыз. Өз дегенімізге жетеміз, – деп мәлімдеді ол.
Кадыров сондай-ақ Украинаны ядросыз держава болып қалу жөніндегі уәдесін бұзып, Будапешт меморандумын орындамады, Минск келісісін сақтамай, Донбасты атқылады деп айыптады.