Қазақстан жеңіл атлетикадан тарихтағы алғашқы алтынын алды
Нора Жеруто 3 мың метр қашықтықты 8:53,02-де жүгіріп өтіп, жеңімпаз атанды
Қазақстан құрамасының атынан өнер көрсеткен спортшы Нора Жеруто 3 мың метрге кедергілер арқылы жүгіруде мәре сызығын бірінші болып кесті, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
2022 жылы Орегон штатында (АҚШ) жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында әйелдер арасында 3 мың метрге кедергілер арқылы жүгіруден финалдық сайыстар өтті.
Жарыстың басты фавориттерінің бірі Қазақстан өкілі Нора Жеруто болды. Ол қашықтықты 8:53,02-де жүгіріп өтіп, жеңімпаз атанды. Бұл әлем чемпионатындағы алтын медаль Қазақстанның жеңіл атлетика тарихындағы тұңғышы болды.
Екінші орынды эфиопиялық Веркуха Гетачев (8:54,61) алса, оның отандасы Мекидес Абэбе (8:56,08) үшінші болып мәреге жетті.
Бұған дейін іріктеу жарысында да Жеруто үздік нәтиже көрсеткен болатын - 9:01,54.
Еске сала кетсек, Кенияның тумасы Нора Жеруто Қазақстанға 2017 жылы қоныс аударып, 2022 жылы әлем чемпионатында ел намысын қорғауға ресми рұқсат алған болатын.