Ол еліміздің климатына қолайсыз
Жыл соңына дейін Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің қолданысына кемі 1 ANKA беспилотнигі беріледі.
Қазір Қазақстан армиясында Қытайдың WingLoong-1 және Израилдің Skylark-1LEX беспилотниктері бар.
Ал түріктің «Bayraktar-TB2-сін» сатып алынбайды. Министрліктің хабарлауынша, "Байрактар» Қазақстан климатына қолайсыз.
Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Тимур Дәндібаевтың айтуынша, елімізде өзіміздің «Байрактарымыз» бар. Ол «Шағала» деп аталады. Бұл ұшқышсыз ұшу аппаратын
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің әскери ғалымдары жасаған.