Halyq Uni логотип
×

«Украинадағы арнайы әскери операцияның мақсаты өзгерді» – Сергей Лавров

Егер Киевке алыс қашықтықтағы қару-жарақ жеткізілсе, операцияның аумағы одан әрі кеңейеді

 Қанат Атаманов 20.07.2022 | 21:30
«Украинадағы арнайы әскери операцияның мақсаты өзгерді» – Сергей Лавров
Фото: ашық дереккөздерден

Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавров РИА Новости агенттігіне сұхбат беріп, Украина аумағындағы арнайы операцияның мақсат-міндеттері өзгергенін мәлімдеді.

Қазір география басқаша. Бұл ДХР мен ЛХР (Қазақстан мойындамаған елдер – ред.) ғана емес, бұл Херсон мен Запорожье облыстары және басқа да бірқатар аумақ. Бұл жұмыс жалғасып жатыр әрі табанды түрде жалғасады, – деді министр.

Сергей Лавровтың айтуынша, егер Киевке алыс қашықтықтағы қару-жарақ жеткізілсе, операцияның аумағы одан әрі кеңейеді.

«Біз Украинаның Владимир Зеленский немесе оның орнын басатын адам басқаратын жерде біздің аумаққа және өз тәуелсіздігін жариялаған, болашағын өздері анықтағысы келетін елдерге тікелей қауіп төндіретін қарудың болуына жол бере алмаймыз», – деп түйіндеді Ресей сыртқы істер министрі.

Айта кетсек, Ресей әскері 24 ақпанда Украина аумағына басып кірген болатын. Украина қарулы күштері Бас штабы соғыс басталғалы Ресейдің 38 мың әскериінен айырылғанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама