Бұл тауарлар қауіпсіздігін дәлелдейтін құжаттарсыз сатылып келген
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті еліміздегі 1 499 ойыншық үлгісі тексеріп, оның 706-сы қауіпті екенін анықтады.
Тексеріс барысында 706 үлгінің «Ойыншықтар қауіпсіздігі туралы» ережеге сәйкес келмейтіні анықталды. Олардың ішінде 9-ы Қазақстанда (1,3%), 59-ы Еуропа экономикалық одағында (8,4%), ал 638-і өзге елдерде (90,3%) жасалған, – делінген комитет хабарламасында.
Санитарлық-химиялық тексеріс нәтижесінде ойыншықтардың 23 үлгісінде ксилол, бензол, фенол, гептан, формальдегид және этилацетат секілді қоспалардың шамадан тыс көп екені анықталған.
Кәсіпорындардан 21,5 келі ойыншық тәркіленді. Белгілі болғандай, бұл тауарлар қауіпсіздігін дәлелдейтін құжаттарсыз сатылып келген.