Бағдарламаның жаңа қатысушысы «Нұрбанк» АҚ болды
Мәжілістің экс-депутаты Дариға Назарбаеваның ұлы Нұрәлі Әлиевтің бақылауындағы «Нұрбанк» АҚ 2020 жылғы активтердің сапасын (AQR) бағалағаннан кейін мемлекеттен 47 млрд теңге көмек алған.
«Бағдарламаның жаңа қатысушысы «Нұрбанк» АҚ болды. Ол «Қазақстанның тұрақтылық Қорының» жылдық 4% сыйақы мөлшерлемесі бойынша және айналым мерзімі 15 жыл банктің реттелген облигацияларын сатып алу арқылы 47 млрд теңге көлемінде қолдау алды», - деді премьер-министр Әлихан Смайылов депутаттық сауалға берген жауабында.
Astana LRT қаржысын жымқырды деген күдікке ілініп, халықаралық іздеу жарияланған Қанат Сұлтанбек Facebook парақшасында елордадағы жеңіл рельсті жол құрылысына қатысты сол кездегі Астана қаласы әкімінің орынбасары Нұрәлі Әлиевтің BRT жобасын тоқтатып, оны LRT жобасына алмастыруға ықпал еткені (лобби) туралы жазды.