Halyq Uni логотип
×

Головкин Конелоны жеңсе, бірден Ларамен жұдырықтасады – WBA талабы

5 күн ішінде шешім қабылдап, 4 ай ғана дайындалуы керек

 Еркеғали Болатұлы 20.07.2022 | 16:33
Головкин Конелоны жеңсе, бірден Ларамен жұдырықтасады – WBA талабы
фото: ашық дереккөз

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBA) осы тұжырым бойынша орта салмақтағы суперчемпион атағын иеленген қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді қатардағы чемпион Эрисланда Ларамен кездесуге міндеттеді.

WBA-дың талабына сәйкес, Головкин Альвареске қарсы жекпе-жектен кейін орта салмақтағы WBA Regular белбеуінің иегерімен кездесуі шарт. GGG Канелоны жеңсе, 5 күннің ішінде шешім қабылдауға міндетті. Дайындыққа 4 ай беріледі. Осы уақыттың ішінде Головкин Эрисланда Ларамен жұдырықтасып, WBA Super атағын қорғауы тиіс.

Ол алдағы жекпе-жекте ұтылса да орта салмақтағы чемпиондық белбеуін қорғай алады. Себебі Альвареске қарсы жекпе-жеке екінші орта салмақта өткелі отыр. Ал Головкин WBA белбеуінен бас тартқан жағдайда Лара автоматты түрде суперчемпин атанады.

Айта кетсек, маусымнан бастап Головкин-Альварес жекпе-жегіне билет сатыла бастаған еді. Трилогияның ең арзан билеті 305 доллар. Ол шамамен 137 мың теңгені құрайды. Ал билет бірінші жекпе-жекте 27 миллион долларға (бокс тарихындағы үшінші), ал екіншісінде 23 миллион долларға сатылған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама