Сәйкесінше бұйрық жобасы ашық НҚА сайтында талқылауға ұсынылды
Мектеп оқушыларының жазғы демалыс уақыты қысқарып, оқу маусымы ұзартылмақ. Бұл туралы Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің тиісті бұйрығы ашық НҚА сайтында талқылауға ұсынылды.
Бұйрыққа сәйкес, оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда 35 апта болса, 2-11 (12) сыныптарда оқушылар 36 апта оқиды. Оқу жылы ішіндегі каникулдардың кезеңі де белгіленіп отыр. Олар:
Қосымша екі оқу аптасын қосу арқылы оқу жылының ұзақтығын ұлғайту бір күндегі сабақтар санын қысқартуға, бес күндік оқу аптасын іске асыруға, «күрделі» тақырыптарды зерделеу қарқындылығын төмендетуге, білім беру процесін дамыта оқыту қағидаттарында ұйымдастыруға мүмкіндік береді, – делінген бұйрық жобасының түсіндірме жазбасында.
Жазғы кезеңде каникул күндерінің санын қысқарту өткен оқу жылында білімнің бір бөлігін жоғалту тәуекелін, құқық бұзушылықтарды қысқарту, білім алушылардың шамадан тыс жұмыс істеу мен сырқаттанушылығын төмендетуге бағытталған.