Қамаудағы Қайрат Құдайберген депутаттық мандатынан айырылды
Алматы қалалық мәслихатының құрамы өзгерді
Сәуірдің 21-нен 22-не қараған түні белгілі кәсіпкер, Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергеннің қамауға алынғаны туралы ақпарат тарады. Бұл ақпаратты оның адвокаты Мұрат Әмітов жеткізген еді.
Алматы прокуратурасы кәсіпкердің қаңтар айындағы жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырып, қатысты деген күдікке ілінгенін айтты.
Сол уақыттан бері қалалық мәслихат депутатын қамауда ұстау мерзімі бірнеше рет ұзартылды. Соңғы рет сот қаулысымен Қайрат Құдайбергенді 21 шілдеге дейін қамауда ұстау бұлтартпау шарасы санкцияланды.
Бүгін қамаудағы Қайрат Құдайберген Алматы қалалық мәслихатының депутаты мандатынан айырылды.
Айта кетейік, Алматы қалалық мәслихатының құрамы өзгеріп, 11 депутат мандатын тапсырды. Олар:
- Қайрат Құдайберген;
- Ләззат Ибрагимова;
- Мұрат Әділханов;
- Есенгелді Талбидинов;
- Қали Сарсенбай;
- Арман Жүдебаев;
- Мұхтар Зулеев;
- Райхан Бөлекбаева;
- Әсел Құрманбек.
- Әлібек Шапенов;
- Ақбөпе Әбілқасымова.
Алматы қалалық мәслихатының жаңадан депутаты болған 11 адамның тізімі:
- Кенжехан Матыжанов;
- Төлеуғали Тайтулеев;
- Сана Жандай;
- Бақытбек Жұмабаев;
- Артур Котенёв;
- Арайлым Шамова;
- Диана Ерлан;
- Бекбол Рамазан;
- Ерұлан Қарағұлов;
- Темірлан Сұлтанғалиев;
- Талғат Мұхамедқалиев.