×

Шіліңгір шілде: Маңғыстау облысында +50 градус аптап ыстық басталды (ВИДЕО)

Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Ақтөбеде де дабылды ескерту жарияланды

 Еркеғали Болатұлы 20.07.2022 | 10:31
фото: ашық дереккөз

Маңғыстау облысында ең жоғары ауа температурасы тіркелді. Жетібай елді мекенінің жұмысшылары түсірген видеода термометр көрсеткіші +50 градусқа дейін көтерілген.

Видео авторларының айтуынша, олар аптап ыстыққа қарамастан далада жұмыс істеген.

Синоптиктердің хабарлауынша, бүгін Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Ақтөбеде де дабылды ескерту жарияланған. Бұл өңірлерде +46 градус ыстық болып, шаңды жел тұрады. Кей жерде найзағай ойнайды деп көрсетілген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама