Halyq Uni логотип
×

Орал әуежайындағы ұшақтардың ұшуын шектеуді авиатасымалдаушылар өздігінен қабылдаған

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Орал әуежайындағы жағдайды түсіндірді

 Ербол Тұрымбет 20.07.2022 | 10:27
Орал әуежайындағы ұшақтардың ұшуын шектеуді авиатасымалдаушылар өздігінен қабылдаған
фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ баспасөз қызметі Орал қаласындағы әуежайда әуе кемелерінің ұшуын шектемегенін мәлімдеді. Шешімді авиатасымалдаушылар өздігінен қабылдаған.

«Әкімшіліктің авиациялық инспекторлары 2022 жылғы 30 маусымда жүргізілген тексеру барысында әуеайлақты пайдаланушы барлық авиатасымалдаушылар үшін аэронавигациялық ақпарат жинағында тұрақты негізде жариялаған рульдеу жолағы мен перронның жасанды төсемдерінің төмен көтергіштік қабілетіне қарамастан, әуе кемелерінің кейбір үлгілерінде Орал әуеайлағына ұшу қарқындылығы мен ұшу жүктемесінің артуы анықталды. Бұл көрсеткіш рұқсат етілгеннен едәуір артық», - деп түсіндірді «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ баспасөз қызметі.

Авиациялық әкімшілік тарапынан әуеайлақты пайдаланушыға әуе жолағының бұзылуын және әуе кемелерінің бүлінуін болдырмау үшін жасанды төсемдерге рұқсат етілген жүктемелердің сақталуын бақылауды қамтамасыз етуге инспекторлық нұсқама жіберілген.

Бұдан басқа, авиакомпаниялар өкілдерімен және әуеайлақты пайдаланушымен өткізген кездесулер мен талқылаулардан кейін Орал әуежайына ұшуды орындауды жалғастыруға, жасанды төсемге жүктемені азайтуға және әуеайлақта әуе кемелерін пайдалану кезінде ұшу қауіпсіздігінің тиісті деңгейін сақтауға мүмкіндік беретін шараларды әзірлеу туралы шешімдер қабылданды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама