×

Ақтөбеде анасы мен баласы бір ажалдан аман қалды

Кешкілік көрші шағын ауданға шыққан келіншек қаңғып жүрген иттер тап бергенде жетегіндегі баласын қолына алып қана үлгірген

 Халық үні 20.07.2022 | 07:45
фото: pixabay.com

Ақтөбеде бұралқы иттер тағы да адамға шапты. Бұл жолы баласын жетектеп келе жатқан жас келіншек зардап шеккен. Оқыс оқиға Есет батыр тұрғын үй алабында болған.

Еске сала кетсек, шамамен бір жарым ай бұрын дәл сол шағын ауданда 12 жастағы жеткіншекке бір топ ит тап беріп, ойын баласы қаза болған еді.

Тимур Есенбаев «жұбайым мен балам бір өлімнен қалды» дейді. Жақын маңдағы құрылыс алаңының күзетшісі болмағанда тап берген оннан астам бұралқы иттің азуынан аман қалуы нейғабыл еді. Кешкілік көрші шағын ауданға шыққан келіншек қаңғып жүрген иттер тап бергенде жетегіндегі баласын қолына алып қана үлгірген. Шабаланған иттер жанұшыра айқай салса да қайтпапты. 

«Екі аяғын тістеген. Сол кезде БСМП-ға алып кетті. Алғашқы көмек көрсеткен. Сол бойы уколын алды. Бүгін тағы апарып келдім. Уколын алды. Үйде жатыр. Қазір енді кішкентай балам қорқып қалды. Итті көрсе зар жылайды ғой қазір», - дейді қала тұрғыны Тимур Есенбаев. 

Есет батыр ауданында соңғы 3 айда мұндай бірнеше оқиға болған. Бұралқы итке таланып, қаза болған бүлдіршін де осы жердің тұрғыны. Тіпті ересектердің өзі тағыланып кеткен иттермен жолығудан сескенеді.

«Сити. Мұны қала дейді дардай. Қала сияқты ғой. Қаншама адам тұрады, мысалы. Мына ортақ үйдің ішінде жүріп итке таланып жатқан масқара ғой 21-ғасырда. Білмеймін енді айтатын сөз жоқ. Не айтасың? Бізде ана баланы өлтіріп тастап тұр. Білмеймін енді қандай шара? Қандай заң деймін да. Адамды өлтіріп тастап тұр ғой» ,- дейді қала тұрғыны Рухани Мұратов. 

Құзырлы орган өкілдері жыл басынан бері 3792 ит жойылғанын айтып отыр. Оның 2300-ге жуығы облыс орталығында. «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң қабылданғалы бері 4302-і ит ауланған. Оның 155-і Есет батыр ауданында қолға түсті. Соңғы бірнеше тәулікте 19-ы ұсталып отыр. Алайда олардың барлығын бағып ұстауға немесе ұрықсыздандыруға қаражат әлі бөлінбеген. 

«Тамыз айының 15-інен кейін облыстық мәслихаттың сессиясы болады. Сол сессияға бізге өзімізге қажетті қаражат туралы бюджеттік өтінімізді беріп қойдық. Әлі 10 мыңның үстінде итті аулап, содан кейін оны приютке тасымалдауға, оны стерилизациясына, тамақтандыруына, чип салуына, осының барлығына қаражат сұрап отырмыз. 140 млн жуық қаражат керек қалған 5 айға»,- дейді облыстық ветеринария басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембай. 

Жануарлардың құқығын қорғап жүрген қоғам қайраткерлері бірінші кезекте үйдегі ит пен мысықтың есебін жүргізуді ұсынып отыр. Бірақ бұл шешім бұралқы жануарлардың санын арттыруы мүмкін. Сондықтан күшігін алып, ұрпағын жалғастырар ой болмаса есік алдындағы барлық итті бірден ұрықсыздандыру қажет дейді олар. Сонда ғана бассыз кеткен бұралқылардың саны азаяды.

«Бұралқы ит пен мысық қайдан пайда болады? Иесіз марғаулар салынған қораптар әр жерде кездеседі. Үйдегі бір мысықтың дер кезінде ұрықсыздандырылмауынан ондаған бұралқы марғау пайда болады. Саяжайларда да мыңдаған ит жүр. Күз келе олар да иесіз қаңғып қалады. Сондықтан бұралқыларын да үй жануарларын да ұрықсыздандыру керек. Сонда ғана нәтиже болады», дейді жануарларды қорғау қоғамдық бірлестігінің президенті. 

Жаңа талапқа сәйкес бұралқы ит-мысықты адамға немесе үй жануарларына қауіп төнген кезде ғана құртуға рұқсат бар. Онда да ветеринар мамандар учаскелік полиция инспекторы ақпарат жолдағаннан кейін шығады. Қазір өңірде ортақ желі жұмыс істеп тұр. Үйір боп үрей төндірсе 109 нөміріне

Серіктес жаңалықтары

Сараптама