20 шілдеде Қазақстанда телерадиоарналар хабар таратуын тоқтатады
Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады
Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Телерадио хабарларын тарату желілерінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар2022 жылдың 20 шілде айында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында (Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен) жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады», - делінген хабарламада.