Қайтыс болған әскери қызметкердің артында бес баласы қалды
Абай облысында әскери қызметкер өзін-өзі атып тастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚР Қорғаныс министрлігінің Әуе қорғаныс күштері баспасөз қызметінің мәліметінше, сарбаздың осындай қадамға не үшін барғаны әзірге белгісіз болып отыр.
«Ақпаратты растаймыз. Қазіргі таңда әскери қызметкердің өліміне қатысты тергеу амалдары басталды. Өзге ақпарат ҚПК 201 бабына байланысты жариялауға жатпайды, - деп жауап берді министрліктің баспасөз қызметі.
Қайтыс болған әскери қызметкердің артында бес баласы қалды. Айта кету керек, осыған дейін Нұр-Сұлтан қаласының маңындағы сынақ алаңында әскери қызметкерді әріптесі атып тастаған болатын. Оның туыстары Қорғаныс министрлігінің ресми мәлімдемесіне сенбейді. Өйткені Қорғаныс министрлігі марқұмның туыстары жігітті алдымен өзі, кейін тағы да қоңырау шалып сарбазды досы атып тастады деп хабарлаған.