Шешеден балағаттаған: облыс прокурорының әйелі дөрекілікке барған ба? (ВИДЕО)

Халық үні

Желіде бұл видео қызу талқыланып жатыр... 

фото: видеодан скриншот

Қызылорда облыстық прокуратурасы әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбаға ресми жауап берді. Видеода облыс прокурорының әйелі дөрекілік жасады деп айтылған болатын. 

Қызылорда облыстық прокуратурасы аталған бейнежазбаның шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

«Әлеуметтік желіде «Қызылорда облысы прокурорының әйелі күзетшілерге дөрекілік жасады» деген сипатта бейнежазба тарап жатыр. Бұл - шындыққа жанаспайтын ақпарат. Облыс прокурорының әйелінің аты жөні - Бижанова Татьяна Анатольевна. Ұлты - орыс. Таралған видеодағы басқа әйел. Жала жауып, жалған ақпарат таратушыларға заңмен көзделген тәртіпте жауапкершілік қаралатынын назарға саламыз», - деп жазылған Қызылорда облыстық прокуратурасы таратқан хабарламада.