Ол 7 жылдан 12 жылға сотталуы мүмкін
Өскеменде жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің есепшісінің 13,5 млн теңгені иемденіп алғаны анықталды.
Бұл туралы polisia.kz хабарлады.
Өскемен қалалық полиция басқармасының қызметкерлері қаладағы ЖШС бірінде істейтін адамның арызы бойынша 2020 - 2021 жылдары жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бухгалтері өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, кассадан жалпы сомасы 13 485 062 теңге ақшаны заңсыз иемденгенін анықтады.
Жедел-іздестіру іс-шара кезінде полицейлер 50 жастағы күдіктіні ұстады. Ол өз кінәсін мойындады.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы бап бойынша сотталған адам барлық мүлкінен және 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.