Партияның кезектен тыс съезіне 399 делегат сайланды
Nur Otan төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек партияның кезектен тыс XXI съезінің келесі күн тәртібі бекітілгенін хабарлады.
Атап өтсек, Nur Otan партиясы саяси кеңесінің қаулысымен 2022 жылғы 28 қаңтарда партияның кезектен тыс XXI съезін өткізу туралы шешім қабылданды. Коронавируске байланысты шектеу шараларын ескере отырып, ол онлайн-форматта өтеді.
Партияның кезектен тыс съезіне 399 делегат сайланды.
18 қаңтарда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев елдегі соңғы жағдайға байланысты мәлімдеме жасап, жақында Nur Otan партиясының төрағалығына Қасым-Жомарт Тоқаев сайланатынын айтты.