«Байрактар» дронының авторлары Украинаны қолдайтынын айтты
Ердоғанның құдасы Ресейге ешқашан қаруды сатпайтынын ескертті
«Байрактар» дронын жасайтын «Baykar Makina» компаниясының бас директоры Халук Байрактар Украина мен Ресейдің арасында таңдау болса, қай елге көмектесесіз деген сұраққа Украинаны ғана қолдайтынын мәлімдеді.
Бұл туралы ол АҚШ-тың «CNN» телеарнасына берген сұхбатында айтты.
Менің Ресейден алыс-берісім жоқ. Ресейге ешқашан дрондар сатпаймыз. Біз Украинаны қолдаймыз, оның егемендігін қолдаймыз. Оның тәуелсіздік үшін күресін де қолдаймыз, - деді ол.
Халук Байрактардың інісі Селжук Байрактар Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның қызы Сюмейенің күйеуі. Яғни, Ердоғанға күйеу бала. Ал Халук пен Ердоған құда.