×

Құны 2 млрд доллар: арабтар елордада көпфункционалды кешен салмақ

Құрылыстың 1-ші кезеңінің құны 576 млн АҚШ доллары

 Динара Амантай 19.07.2022 | 15:29
Фото: gov.kz

Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «Ayana Holding» компаниясының Басқарма төрағасы Абдулла бен Лахеджды қабылдады.

Сұхбат барысында тараптар елордада «The Grand Mosque Residences» көпфункционалды тұрғын және сауда кешенінің құрылысы жобасын іске асыру перспективаларын талқылады.

Бұған қоса Мұхтар Тілеуберді Үкімет жобаны іске асыру және сүйемелдеуге қажетті қолғабыс көрсетуге дайын екендігін хабарлады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар аталған жобаны практикалық тұрғыда іске асыру кезеңіне өту бойынша жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

1-ші кезеңнің құны 576 млн АҚШ доллары, ал жобаның жалпы құны 2 млрд АҚШ долларын құрайды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтауда 170 млрд теңгеге жаңа туристік кешен салынатынын жаздық.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама