Halyq Uni логотип
×

52 жасында шаршы алаңға алғаш рет шыққан боксшы рекорд жасады

Ол кәсіпқой рингте дебют жасап, жасы үлкен спортшы ретінде рекордтар кітабына енді

 Дастан Жұмабекұлы 19.07.2022 | 15:26
52 жасында шаршы алаңға алғаш рет шыққан боксшы рекорд жасады
Көрнекі фото

52 жастағы америкалық Пол Яннуцци кәсіпқой рингке алғаш рет шығып, қарсыласын нокаутқа жіберді.

Бұл туралы gazeta.ua хабарлады.

Ол АҚШ-тың Вустер (Массачусетс штаты) қаласында өткен бокс кешінде 37 жастағы бразилиялық Лусиней Сантоспен қолғап түйістіріп, бірінші раундта нокаутқа түсірді.

Осылайша ол кәсіпқой рингте дебют жасап, жасы үлкен спортшы ретінде рекордтар кітабына енді. Бұған дейін тағы бір америкалық боксшы Дьюи Бозеллеге 11 жылдан бері рекорд жасап келген еді.

Яннуци ендігәрі кәсіпқой бокста жекпе-жекке шықпайтынын айтты. Жекпе-жек алдында ол «Бұл менің бірінші және соңғы айқасым болады», деген болатын. Кездесуден кейін ол осы сөзінде тұрып, екінші кездесуге зайыбы рұқсат бермейтінін ескертті.  

Қарсыласым қарулы екен. Менің басымды жұлып ала жаздады. Дегенмен бүгінгі кездесу мен үшін сәтті аяқталды. Бір жекпе-жек жеткілікті. Әйелім рингке тағы да шығуға рұқсат бермейді, - деді Яннуцци.  

Бұған дейін Яннуци әуесқойлар арасында қолғап түйістірген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама