Оны Жоғары соттың судьясы үкімді оқу кезінде айтты
Мемлекет заңсыз сотталған белгілі журналистер Сейтқазы және Әсет Матаевтардан кешірім сұрады.
Қылмыс құрамы болмауы себепті №2 Есіл сотының және Астана қалалық сотының аппелляциялық сатысының шешімінің күші жойылсын және толығымен оңалтылсын. Және мемлекет атынан заңсыз сотталғандары үшін кешірім сұраймыз, – деді Жоғары соттың судьясы Матаевтарға қатысты ақтау үкімін оқу кезінде.
Бұған дейін сөйлеген сөзінде журналист Әсет Матаев істі қарауда объективтілік танытқандары үшін бас прокуратураның қызметкерлеріне алғыс білдірді және Жоғары соттан әділ шешім шығаруын сұрады.
Жоғарғы сот Сейітқазы мен Әсет Матаевтарға қатысты Астана қаласы Есіл ауданы сотының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы үкімін жойды. Үкімді оқи отырып, судья Матаевтардың ақталғанын, қылмыстық процесті жүргізген органдардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген залалды өтеуге құқығы бар екенін түсіндірді.