Матаевтарға тағылған айыптар дәлелденбеді
Жоғарғы сот қазақстандық журналистер Сейітқазы Матаев пен Әсет Матаевты толық ақтады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Жоғарғы сот сейсенбі күнгі отырысында Сейітқазы мен Әсет Матаевтарға қатысты Астана қаласы Есіл ауданы сотының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы үкімін жойды. Үкімді оқи отырып, судья Матаевтардың ақталғанын, сондай-ақ қылмыстық процесті жүргізген органдардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген залалды өтеуге құқығы бар екенін түсіндірді.
Айта кетелік, әкелі-балалы Матаевтар 2016 жылы сотталған болатын. Қылмыстық қудалау ҚазТАГ агенттігін рейдерлік жолмен басып алу әрекетімен қатар жүрді. Сонымен қатар, Қазақстанда да, шетелде де саяси астары бар деп танылған іс бойынша Матаевтарға тағылған айыптар дәлелденбеді.
Сейітқазы Матаев соттағы соңғы сөзінде «Қазақстан журналистер одағы, ұлттық баспасөз клубы, ҚазТАГ ақпарат агенттігіне тексеру арқылы қысым жасаған адамдар» ретінде Нұрлан Нығматуллин мен Талғат Татубаевты да атаған еді.
Алайда бұл Қазақстан сотының айыптау үкімін шығаруына кедергі бола алмады. Сонымен бірге Матаевтарды тапсырыс бойынша қудалауға қатысушылардың ешқайсысы бұл үшін жазаланған жоқ.
2022 жылдың 5 шілдесінде Өтебеков Бас прокуратураның Матаевтарға қатысты әділетсіз үкімге наразылық бергенін хабарлады.
6 шілдеде Өтебеков жағдайға түсініктеме бере отырып, Әсет Матаев ісін қайта қарауды қоғамдық-саяси жағдайдың өзгеруімен байланыстырды.
8 шілдеде Сенат пен Мәжілістің бірқатар депутаттары Матаевтардың толық ақталуына үміт артып, тиісті мәлімдемеге қол қойғаны белгілі болды.