Halyq Uni логотип
×

Ресей құрдымға кетуге бет алды

Күніне 1000-нан аса компания жабылып жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 19.07.2022 | 10:21
Ресей құрдымға кетуге бет алды
фото: moscowtimes.ru

Күніне мың компаниясы жабылуы жылдамдағымен Ресей бизнесі біржола құрдымға құлап кетіп бара жатыр.

Бұл туралы The Moskow Times порталы хабарлады.

Украинамен соғыс, Батыстың санкциялары және төлем төлеу қабілетінің қыспаққа алынуы Ресей экономикасының нақты секторында қиын жағдайға әкеліп отыр, – делінген хабарламада.

Биылғы наурыз айынан маусымға дейінге батыстың санкциялары елде 113,5 мың коммерциялық кәсіпорынның жабылып қалуына апарып соқтырды. Қазір орта есеппен алғанда күніне 930 кәсіпорынның жабылып жатыр. Ол жыл басынан бері 17,5 пайызға арта түскен.

Мысалы, Владимир облысында 1,1 мың компания жұмыс істеуін тоқтатса, жаңадан 302 ғана компания ашылған. Башқұртстанда 3,4 компания жабылып қалса, жаңа рынокқа 1,35 мың кәсіпорын шыққан.

Белгород облысында 1,3 мың тіршіліктен қалса, 454 жаңа ұйым қатарға қосылған. Осындай жағдай Ингушетия, Марий Эл, Коми, Солтүстік Осетия, Ханты-Манси ұлттық округі секілді ұлттық аймақтарда да анық көрініп тұр.

Росстат сәуірдің соңында кәсіпорындардың салық төлемі жөніндегі қарыздарының 71,3 млрд рубль болғанын хабарлады. Бұл 66 пайыздық мөлшерді көрсетеді. Елдегі мұнай компанияларының кейінгі қалдырылған салықтарының көлемі соғыс басталғаны бері бес есеге дейін артып кеткен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама