Коронавирустан емделіп жатқандар саны 10 мыңға жуықтады
20 науқастың жағдайы ауыр
Қазақстанда күніне 1400-ден аса адам COVID-19 жұқтырып жатыр, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Өткен тәулікте елімізде коронавирус жұқтырудың 1450 дерегі тіркелді:
- Нұр-Сұлтанда – 502,
- Алматыда – 589,
- Шымкентте – 31,
- Ақмола облысында – 24,
- Ақтөбе облысында – 4,
- Алматы облысында – 69,
- Жетісу облысында – 43,
- Атырау облысында – 32,
- Шығыс Қазақстан облысында – 6,
- Абай облысында – 2,
- Жамбыл облысында – 51,
- Батыс Қазақстан облысында – 5,
- Қарағанды облысында – 40,
- Ұлытау облысында – 13,
- Қостанай облысында – 2,
- Қызылорда облысында – 13,
- Маңғыстау облысында – 6,
- Павлодар облысында – 11,
- Солтүстік Қазақстан облысында – 2,
- Түркістан облысында – 5.
Осылайша, COVID-19 жұқтырғандар саны 1 319 494 адамға жетті.
Сондай-ақ 443 адам коронавирустан айықты:
- Нұр-Сұлтан қаласында – 85,
- Алматы қаласында – 154,
- Шымкентте – 45,
- Алматы облысында – 44,
- Жетісу облысында – 16,
- Жамбыл облысында – 26,
- Қарағанды облысында – 61,
- Ұлытау облысында – 5,
- Қызылорда облысында – 5,
- Павлодар облысында – 1,
- Түркістан облысында – 1.
Елімізде барлығы 1 296 197 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
19 шілдедегі мәлімет бойынша 9 737 адам коронавирустан емделіп жатыр
Олардың ішінде 962 пациент стационарда, 8 775 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 20 адамның жағдайы ауыр, 3 науқастың жағдайы өте ауыр, 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, - деп жазылған хабарламада.