Соңғы үш күнде Атырауда 200-ге жуық жасөспірім құқық бұзған
Осыған байланысты 211 ересек тұлға жауапкершілікке тартылды
Атырау облысында үш күнде 194 жасөспірім әкімшілік құқық бұзушылық жасаған. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл дерек 14-16 шілде аралығында өткізілген «Каникул» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде анықталған.
Бұл іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы қылмысты болдырмау, алдын алу. Сол себептен, іс-шара кезінде кәмелетке толмағандар жиі жиналатын жертөле, саяжай,өзен, көл жағалауы, вокзал, сауда нүктелері жсекілді орындар тексерілді. Ішкі істер органдарына әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кәмелетке толмаған 194 жасөспірім әкелінді. Жасөспірімдер тарапынан жасалған 211 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталды. Осыған байланысты 211 ересек тұлға жауапкершілікке тартылды, - дейді жергілікті полиция қызметі басқармасы ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция подполковнигі Орынгүл Көшқалиева.
Оның айтуынша, ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне бес, тізімдік есепке төрт кәмелетке толмаған жасөспірім, бір қолайсыз отбасы қойылған.