Жас қызды қан-жоса етіп ұрған: Алматы полицийлері күдіктіні ұстап, қылмыстық іс қозғады
Депаратмент басшылығы тергеу шараларын жеке бақылауына алды
Алматы қалалық Полиция депаратменті көшеде жас қызды өлімші етіп сабаған жігітті ұстады.
Кеше әлеуметтік желіде қан-жоса болған қыздың видеосы тараған болатын. Бұл видеодан көшедегі адамдардың таяқ жеген қызды жерден көтеріп, көмек көрсеткенін, ал жол бойында жас жігіттің отырғанын көруге болады. «Бұл – менің қызым» деген сөзі де естіледі.
Желі қолданушылары жанжалдың Төле би мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында, тура Алматы технологиялық университеттің жанында болғанын жазды.
Қалалық Полиция депаратменті әлеуметтік желідерге жүргізілетін мониторинг кезінде әйелді аяусыз ұру фактісінің болғанын анықтады. Күдікті жәбірленушінің танысы болып шықты. Ол ұсталды. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Кінәлі адам заң бойынша жауап береді. Депаратмент басшылығы тергеу шараларын жеке бақылауына алды, - дейді полицейлер.
Тәртіп сақшылары Қылмыстық кодекстің 293-бабы, 1-бөлігі («Бұзақылық») бойынша тергеу шараларын бастады. Оған сәйкес, 2 000 айлық есептiк көрсеткiшке (6 360 000 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл немесе сол мөлшерде түзеу жүмыстары немесе 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар, я болмаса, 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.