13 адам өртті жарты сағатта өшірді.
Астанада өрт сөндірушілер екі баланы тілсіз жаудан аман алып қалды.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайты хабарлады.
15 шілде күні сағат 13.53-те 6-МӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Абылай Өтегенов және 4-МӨСБ бөлімше командирі Бағдат Боханов Төле би көшесінде орналасқан № 46 үйден 2019
және 2021 жылы туған балаларды құтқарды.
Олар 6-қабаттағы пәтердердің бірінде үй заттары мен тұрмыстық техника өртеніп жатқанына қарамай, үйге кіріп, балаларды өрттен аман алып қалды. Өртті қалалық төтенше жағдайлар департаментінің 3 техникасы мен 13 адамы жұмылдырылып, өрт жарты сағатта өшірілді.