Halyq Uni логотип
×

Астанада екі бала өртеніп кете жаздады

13 адам өртті жарты сағатта өшірді.

 Дастан Жұмабекұлы 18.07.2022 | 16:37
Астанада екі бала өртеніп кете жаздады
фото: gov.kz

Астанада өрт сөндірушілер екі баланы тілсіз жаудан аман алып қалды.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайты хабарлады.

15 шілде күні сағат 13.53-те  6-МӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Абылай Өтегенов және 4-МӨСБ бөлімше командирі Бағдат Боханов Төле би көшесінде орналасқан № 46 үйден 2019

және 2021 жылы туған балаларды құтқарды.

Олар 6-қабаттағы пәтердердің бірінде үй заттары мен тұрмыстық техника өртеніп жатқанына қарамай, үйге кіріп, балаларды өрттен аман алып қалды. Өртті қалалық төтенше жағдайлар департаментінің 3 техникасы мен 13 адамы жұмылдырылып, өрт жарты сағатта өшірілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама