Halyq Uni логотип
×

Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді

Pfizer – Қазақстанда тіркелген алтыншы вакцина

 Халық үні 10.11.2021 | 21:28
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді
фото: ВАК

10 қарашада Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді. Бұл жайында Қазақстанда коронаиврустың таралуына қарсы ведомствоаралық комиссия (ВАСК) мәлімет таратты.

Келісім аясында Comirnaty Pfizer/BioNTech вакцинасының 4 млн дозасы сатып алынды.

Comirnaty – америкалық Pfizer компаниясы мен Германияның BioNTech технологиялық компаниясы бірлесіп шығарған РНҚ-ға негізделген матрицалық вакцинаның (мРНҚ) сауда атауы. Вакцинация курсы 21-28 күн аралығымен енгізілетін екі дозадан тұрады.

Pfizer – Қазақстанда тіркелген алтыншы вакцина. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аталмыш вакцинаны шұғыл қолдануға рұқсат еткен. Вакцина АҚШ, Ұлыбритания, Канада және ЕуроОдақ елдерінде қолданылады.

«СҚ-Фармация» ЖШС баспасөз хатшысы Әйгерім Смаилованың айтуынша, Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы – 379 мың дозасы жеткізілген.

Сатып алынған Pfizer вакцинасымен жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді, емізулі сәбилері бар әйелдерді егуге болатыны қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама