Президенттің Жарлығымен 10 000 АҚШ долларынан асатын валютаны әкетуге тыйым салынған
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралары туралы» 14 наурыздағы № 830 Жарлығын іске асыру шеңберінде «Алматы» шекаралық бақылау басқармасы Алматы қаласының Авиациялық көлік прокуратурасының үйлестіруімен биылғы жылдың басынан бері елімізден 8 000 000 АҚШ долларынан астам валютаны әкетуге жол берілген жоқ.
ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, осыған байланысты шекара қызметі азаматтарға «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 830 Жарлығының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес 10 000 АҚШ доллары баламасынан асатын сомада шетел валютасын әкетуге тыйым салынған.