Балқаштың дәрігерлері «ақша үшін» пацинетті өлтіргісі келген
Дәрігерлерден «қашып шыққан» науқас туралы видео жарияланды
Балқаш қаласының бір топ дәрігеріне жансақтау бөлімінде жатқан науқасты «ақша үшін» өлтірмек болды деген күдік келтірілді.
Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі хабарлады.
Мен отбасымды шақырыңдар дедім, жатудан бас тарттым, маған екпе салмаңдар дедім. Сол кезде олар мені ұрып-соғып, байлап қойып, укол салды. Қой немесе сиыр сияқтандырып, менің аузымды жауып тастады. Егер аппараттан ажыратылсам, өліп қалатынымды айтты, ал мен түкірігімді де жұта алмай жаттым. Бір ғана танауым ашық тұрды, мен өлуге тиісті болдым, – деді медиктерден «қашып шыққан» пациент әлеуметтік желіде тараған видеода.
Кадрдың сыртында бір әйелдің дауысы полиция шақырып жатты.
Пациент Балқаш қаласының орталық ауруханасына ауыр хәлде жеткізілді. Артериялық қан қысымының барынша төмен болуына байланысты кідіртпестен жансақтау бөліміне ауыстырылды. Кезек күттірмейтін медициналық жәрдем көрсетілгеннен кейін пациенттің жағдайды тұрақталды. Тексеруден өткізілгеннен кейін нәтиже оның ауруы асқынып кеткенін көрсетті. Жағдайының нашарлауы қайталануы мүмкін екені болжанды. Аурухана әкімгершілігі науқастың туыстарына хабарласып, оның денсаулық жағдайына дұрыстап қарамаса болмайтыны және бұдан әрі анықталмаған ақпарларды таратпау қажеттігі ұсынылды, – деген түсіндірме берді ҚазТАГ тілшісіне Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар.
Осыдан кейін оқиғаға құқық қорғаушылардың араласа бастағаны белгілі болды
Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, дерек полицияда тіркеуге алынды. Балқаш қаласы орталық ауруханасының медициналық персоналына қатысты шаралар қабылдау үшін Қарағанды облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне материал жіберілді.