Ерлан Қиясов 2020 жылы Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері болып тағайындалды
Үкімет қаулысымен Ерлан Қиясов Денсаулық сақтау вице-министрі — ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері қызметінен босатылды. Ол қызметінен босату туралы өзі өтініш берген.
Ерлан Аңсағанұлы 1973 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Орталық Азия университетін, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Тұран-Астана университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1990 жылы «Алматы қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің санитары болып бастады.
1997-1999 жылдары — Алматы қаласындағы ҚР әуе көлігіндегі орталық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының санитарлық дәрігері, дәрігер-эпидемиологы.
1999 жылдан бастап 2020 жылға дейін ҚР Президенті іс басқармасының Медициналық орталығының құрылымында — санитарлық-эпидемиологиялық станцияда жалпы гигиена бойынша санитарлық дәрігер, жедел бөлім меңгерушісі, Санэпидқадағалау басқармасының эпидемиологиялық бөлімінің бастығы, «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК директоры, басшының орынбасары болып жұмыс істеді.
2020 жылғы қыркүйекте ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері болып тағайындалды.