Эстония 500 млн долларға сатып алды
АҚШ-тың «HIMARS» дүркін отты ракета жүйесін Украинадан кейін Ресейдің тағы бір көршісі – Эстония да алатын болды.
Бұл туралы The Moskow Times порталы хабарлады.
Reuters агенттігі хабарлағандай, АҚШ мемлекеттік департаменті Эстонияға «HIMARS-тың» 6 қондырғысын беруді мақұлдады. Осымен АҚШ Эстонияны қосқанда жеті мемлекетке жойқын қаруды берді. Бұған дейін Құрама Шатттар Украинадан, Румыния, Сингапур, БАӘ және Иорданияға берген болатын.
«HIMARS-тың» бағасы – 500 млн доллар. Бұл сомаға «HIMARS-тың» қосалқы бөлшектері мен техникалық қызмет көрсету жабдықтары да кіреді. Олардың снарядтары 300 шақырымдық қашықтыққа лайықтанған. Яғни, Санкт-Петербургтің порттарына еркін жетеді.
Украина осы кезге дейін «HIMARS-тың» 270 үдемелі ракеталары бар 12 қондырғысын жеткізіп үлгерді.
«HIMARS» соңғы күндері Ресей армиясының 30-дан аса логистикалық нысандарын жойып жіберуге мүмкіндік берді, – деп мәлімдеді Украина Қорғаныс министрінің спикері Олександр Матузяник.
Қазір Украина АҚШ президенті бағдарламасының аясында 40 млрд доллар көлемінде әскери көмек алатын болады. Ал конгресс пен президент мамыр айында бекіткен ленд-лиз қыркүйектен бастап жұмыс істей бастайды. Осы кезде Джо Байден Украинаға «HIMARS-тың» тағы 100 қондырғысын беретінін мәлімдеді.