Тиісті өкім жарияланды
Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.
Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі қызметіне тағайындалды, – делінген Ақорда құжатында.
Ал Жанар Сейдақметқызы Айтжан Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі лауазымынан босатылды.