Halyq Uni логотип
×

Женевадағы БҰҰ бөлімшесі жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі ауысты

Тиісті өкім жарияланды

 Халық үні 27.01.2022 | 10:06
Женевадағы БҰҰ бөлімшесі жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі ауысты
фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.

Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі қызметіне тағайындалды, – делінген Ақорда құжатында.

Ал Жанар Сейдақметқызы Айтжан Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі лауазымынан босатылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама