Бөлімшелерінде майдан даласына мініп шығатын бірде-бір танк қалмаған
Украина жерінде соғысқа тартылған бір топ бурят сарбаздары мағынасыз соғысқа қатысқылары келмейтінін айтып, арыз түсіргеннен кейін бастары дауға қалған. Олар командирлері уақытша тергеу абақтысына қамап, үстерінен қылмыстық іс қозғауға әрекеттеніп жатқанын жеткізді.
Бұл туралы ақпаратты буряттар Медиазон каналына өздері хабарлаған. Соғыстың алдыңғы шебінде жүрген №32364 әскери бөліміндегі 7 бурят соғысқа қатысқысы келмейтіндерін ашық айтып отыр.
Уақытша тергеу изоляторына қамалған біздерді алдағы уақытта Луганск аймағына тұтқиылдан шабуылдайтын топқа қосып, еркімізден тыс соғысқа аттандыруға әрекеттеніп жатыр, – дейді олар.
Ал бұған дейін келсім-шарт негізінде әскери борышын өтеп жатқан бурят сарбаздың анасы баласы соғыс кезінде ауыр жараланып, миы шайқалса да үйіне қайтармағанын айтып шағымданған. Сондай-ақ тағы бір ана Буратиядан әскери борышын өтеп жүрген 77 сарбаз соғысқа қатыспайтындарын айтып, арыз жазғанын да жеткізген. Айтуынша, олар өз бөлімшелерінде майдан даласына мініп шығатын бірде-бір танк қалмағаннан кейін осындай қадамға барғанын алға тартқан.