«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында бірқатар ауыс-түйіс болды
Бұған дейін ол Үкімет басшысының кеңсесінде жұмыс істеген
«ҚазМұнайГаз» АҚ аппаратын кім басқаратыны белгілі болды, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.
Компанияның аппараты басшысы қызметіне Ерхан Омаров тағайындалды. Осыған дейін ол премьер-министр кеңсесі өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болған.
Сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ омбудсмен қызметінің басшысы, омбудсмен қызметін Қайрат Жаңабеков атқарады. Бұрын ол Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары, Yntymaq салалық кәсіподағының төрағасы болған.