Қазақстанның бірінші теннисшісі турнир финалында жеңіліп қалды
6:2, 3:6, 6:7 (3:7) есебімен есе жіберді
Қазақстандық теннисші, әлемнің №42 ракеткасы Александр Бублик Ньюпорттағы турнирдің финалында жеңіліп қалды. Жарыстың жүлде қоры 600 мың долларға жуық, деп хабарлады Чемпионат.
Бублик финалда америкалық Максим Крессиге қарсы ойнап, 6:2, 3:6, 6:7 (3:7) есебімен есе жіберді. Екінші сетті қазақстандық спортшы 3:0 есебімен жүргізіп, брейк-пойнт алған.
Бұл ретте қазақстандық теннисші 10 рет допты асыра беріп, 6 рет 2 еселік қателік жіберді. Сондай-ақ 3 рет брейк-пойнт жасаған.
Ал Кресси болса, 13 рет эйс алып, 13 рет 2 еселік қателік жіберген. Ойын 2 сағат 24 минутқа жалғасты.
Негізінен финалға дейін Бублик автралиялық Джэйсон Каблерді, британиялық Энди Маррейді, америкалық Джек Сокты жеңген болатын. Ал 25 жастағы Кресси Кәсіби теннисшілер ассоциациясының турнирінде жалғыз разрядта алғаш рет жеңімпаз атанған.